Төлеген Айбергеновтың туғанына - 85 жыл! Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен № 90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясымен бірлесіп, «Құйма жырдың киесіндей ақын» атты поэтикалық батл өтті.
Кеште мектеп оқушылары Сапаралы Рамазан, Жұмадұлла Нұрзат, Кенезбай Жанна ақынның өлеңдерін жатқа айтып, Төлеген Дәулет домбырамен ән салды.
Кештің соңында мектеп директорының орынбасары Киркеева Гүлжан Қадырқызы сөз сөйлеп, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына, мектеп кітапханашысының меңгерушісі Л.Асемова мен У.Курымбаеваға және оқушыларға алғысын білдірді.