Әл–Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» балалар залында ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына – 85 жыл толуына байланысты «Өсіп келе жатырмын» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Шара барысында қалалық мектеп оқушылыры Төлеген Айбергеновтің өлеңдерінен үзінділер оқудан сайысқа түсіп, ақынның өмір жолы жайлы көптеген ақпараттармен таныс болды.
Сондай–ақ, Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, профессор, республикалық «Аталар сөзі», газетінің бас редакторы Е. Пернеев. Төлеген Айбергенов жайлы ой-пікірін білдіріп, балаларға батасын берді.