«Ауғанстан — жүректегі жара»
9 ақпан күні Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанстан — жүректегі жара» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды.
Кездесу соғыста құрбан болған жауынгерлерді үнсіздікпен еске алумен басталып, кездесуге арнайы келген ауған соғысының ардагерлері Өмірбек Әуелбекұлы және Тілемісов Түймебек Рысқұлбекұлы өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.
Оқырмандар кеш қонақтарына көкейдегі сұрақтарын қойып, шараның саяси мазмұнына тереңірек шолу жасау мақсатында Ауған соғысы жайлы бейнеролик көрсетілді.
Кешті кітапхана директорының орынбасары Г.Батырбайқызы қорытындылап, Отан алдындағы парыздарын адал атқарып, қайсарлық пен батылдықтың үлгісі болған Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдірді.
Кездесу соңында оқырмандар ардагерлермен естелікке суретке түсті.