Жаңалықтар

«Қырық қыз» қаһармандық дастанын ұсынамыз

Құрметті кітап сүйер қауым!

Назарларыңызға кітапхананың Сирек кітаптар қорынан 1959 жылы «Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет» баспасында жарық көрген халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, түбі бір түркі халықтарына ортақ әдеби мұра Жиен жырау жырлаған қарақалпақ халқының «Қырық қыз» қаһармандық дастанын ұсынамыз.

Әйелдердің отаншылдығы мен батырлығын дәріптейтін, оқиғасы да, құрылымы да өзгеше жыр жауһары көпшілік оқырманға арналған.