"Жыл кітабы - "Жібек"
Әл-Фараби кітапханасында биылғы 2021 - жылғы қаламгерлер мен оқырмандар ұсынысы бойынша таңдап алынған жыл кітабының қорытынды кеші өтті. "Бір қала - бір кітап"
қалалық акция аясында ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Барыс" ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызымен "Жыл кітабы - "Жібек" тақырыбында жүздесу кеші жүзеге асты. Кездесу барысында ақынға ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева ұсынған "Халық құрметі" төсбелгісін кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова табыстады. Сонымен қатар "Жібек" кітабына алғы сөз жазған жазушы Мархабат Байғұт, фантас-жазушы Сарманбай Исақ, ақын Клара Әтемова, журналист Әбсаттар Әліп және "Қаратау" дәстүрлі өнер мектебінің "Поэзия" сыныбының оқушылары мен ұстаздары, жас ақындар, БАҚ өкілдері қатысты. Кеште "Жібек" повесі жан-жақты талқыланып, оқырмандар автордың өзінен сұрақтарына жауап алды. Жылы жүздесу ақын өлеңдеріне жазылған әндермен жалғасып, кешке қатысушылар қуанып тарқасты.
https://www.facebook.com/100064780246885/videos/243928421063391/