Жаңалықтар

«Үш ғасыр жырлайды» кітабын ұсынамыз

Құрметті кітап сүйер қауым!

Назарларыңызға кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан 1965 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрген революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары енген «Үш ғасыр жырлайды» кітабын ұсынамыз.

Кітапқа XVIII – ХІХ ғасырда өмір сүрген Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Абай Құнанбаев т.б. ақындардың шығармалары енген.

Кітап барша оқырман қауымға арналған.