«Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялар музейі»
«Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Өнер әдебиеті бөлімінің қызметкерлері жастар арасында «Қылует» этномузейіне саяхат ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар «Қылует» этномузейінің авторы, Қазақстан Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі, этнограф – Кендебай Қарабдаловпен кездесті.
Музейдің бір бөлігі жеті метр жердің астында орналасқан қылует - жер асты мешіті болып табылады.
Қылуеттің ішіндегі алғашқы бөлме – «Қыш кітаптар бөлмесі», екіншісі – «Махаббат бөлмесі, одан кейінгі бөлме – мешіт, келген адамдар бұл жерде отырып құран оқиды.
Ең соңғы бөлме «Аспан мен жердің арасы» деп аталады. Бұл бөлмеде төбедегі арнайы тесіктен жарық түсіп, температура күні-түні 25 градус болып тұрады.
Этномузейдің басқа бөлігі ежелгі ортағасырлық әдіспен салынған.
Жас оқырмандар бабалар мұрасын бойына сіңіріп, дәстүрін жаңғыртып жүрген Кендебай ағамыздың өнеріне тәнті болып, естен кетпес керемет әсер алғандарын жеткізді.