Жаңалықтар

«Тәуелсіздік — жыр-әнім”

15 желтоқсан күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және

“2021 жыл – балалардың кітап оқуын қолдау жылы” аясында кітапханамыздың “Ақерке” балалар залының оқырмандары арасында «Тәуелсіздік — жыр-әнім” атты көркем сөз оқу сайысы өтті.

Сайысқа «Мыңбала» бастауыш мектебінің 4 «Ж» - сынып оқушылары қатысты.

Сайыста балалар шынайы сезіммен Тәуелсіздік туралы жырларын оқыды.

Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Бекбол Жамбылұлы үздік оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.