Жаңалықтар

«Ұлы көштің көшбасшысы — Елбасы»

Бүгін кітапханамыздың “Ақерке” балалар залында 1 желтоқсан — Қазақстанның Тұңғыш президенті күніне орай «Ұлы көштің көшбасшысы — Елбасы» атты тағылым сағаты өтті.

Шара балалардың елбасы өмірі туралы әдебиеттермен танысуынан басталды.

Жас оқырмандар елбасының елеулі еңбектері жайлы ақпараттармен танысып, ел мен жерді тануға арналған қызықты викториналық сұрақтарға жауап берді.