Құрметті кітап сүйер қауым!
Құрметті кітап сүйер қауым!
Кітапханамыздың қорын толықтырған жаңа кітаппен таныс болыңыздар.
«Шымкент қаласының құрметті азаматтары» кітабы көпшілік оқырманды 1967-2021 жылдар аралығындағы кезеңде Шымкенттің өркендеуіне үлес қосқан 145 түрлі сала қайраткерлерінің өмір дерегімен таныстырады.
Кітапқа енген тұлғалардың есімдері қала немесе оңтүстік өңіріне ғана емес, республикалық, халықаралық дәрежеде танылған.
Олардың қатарында белгілі композитор Шәмші Қалдаяқов, мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаров, қоғам қайраткері Әділ Сасбұқаев, атақты бапкер Мырзағали Айтжанов және тағы басқа азаматтардың есімдері бар.