«Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры»
Әл – Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасы 2021 жылдың 3 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің Қазақстандық жолы: жасампаздықтың 30 жылы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында кітап көрмесін ұсынды.
Кітап көрмесі конференция қонақтары мен көпшілік оқырманды жасампаз қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында әлемдік аренада қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.