Жаңалықтар

“Әже, ертегі оқып берші”

Бүгін кітапханамыздың “Ақерке” балалар залында 2021 жыл – Қазақстандағы балалардың кітап оқуын қолдау жылы аясында “Әже, ертегі оқып берші” жобасының кезекті ертегі сабағы өтті.

Шараға құрметті зейнеткер ұстаз Мамыркүл Елемесқызы қатысып, балаларға қазақ ертегілерінің ғасырлар бойы жинаған даналығы, аңыз кейіпкерлерінің бойындағы ең жақсы қасиеттер, олардың ерлігі жөнінде ертегілерді баяндап, балаларды мейірімді, адал болуға және жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға шақырды.

Ертегі тыңдауға келген бүлдіршіндер бүгінгі шарадан үлкен әсер алып қайтты.