Жаңалықтар

«Желтоқсан желі ызғарлы»

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі Түркістан жоғары аграрлық колледжімен бірлесіп Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты танымдық кеш өткізді.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан кеш қонақтары Нұрғали Мырзакулов , Мырзағали Толыбай, Азамат Камардин 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлері ретінде тарихи оқиға жайлы кеңінен әңгімеледі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жастардың қолында екендігін айтты.

Іс-шарада кітап көрмесі таныстырылып, колледж студенттері тақырыпқа сай өлеңдерін жатқа оқыды.