Жаңалықтар

«Көңілді кітаптар»

«Көңілді кітаптар»

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет көрсетуге бағытталған «Кедергісіз кітапхана» атты әлеуметтік жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай аталмыш жоба аясында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатында «Көңілді кітаптар» атты кітап оқу акциясы өтті.

Кітапхана қызметкерлері Сәуле Бисейтова ман Шолпан Мәленова мектеп-интернатқа кітапхананың бай қорындағы балаларға арналған біршама кітаптарды алып барды.

Балалар ертегі оқумен, түрлі тақырыптағы мақал-мәтел мен жұмбақтарды жарыса айтумен қатар Абай Құнанбаев, Ф.Оңғарсынова, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айтты. Көңілді кеш соңында кітапханашылар балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратты.