«Ел сенімі - жастар»
«Ел сенімі - жастар»
Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік жастар күнін 76-ші рет атап өтуде. Мереке 1945 жылы 10 қарашада Лондонда өткен Жастардың дүниежүзілік конференциясында өмірге келді. Осы күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясы құрылды.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай өткен «Ел сенімі - жастар» атты қоғамдағы белсенді жастармен кездесу кешін кітапхана директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Батырбайқызы ашып берді.
А.Сейдімбеков атындағы № 80 IT мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездескен Шымкент университетінің екі шет тілі мамандығының 3 курс студенттері, бірнеше аудандық, облыстық әдеби байқауларға қатысып жүрген Зухра Жұмақұлова мен Балнұр Әуелбекова Тәуелсіз елдің жарқын болашағы туралы ойларымен бөлісті.
Жастармен болған іс-шараны кітапхана қызметкері Асылзат Оспанқызы жүргізді. Сондай-ақ, мағыналы, қызықты сұрақ-жауаптан соң кітапхана қызметкері Сәуле Мұхиқызының орындауындағы әсем әнді көпшілік ыстық ықыласымен қабыл алды.