Жаңалықтар

«Менің сүйікті кейіпкерім»

2021 жыл Қазақстандағы балалардың кітап оқуын қолдау жылы аясында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми - әмбебап кітапханасының Ақерке балалар залында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты мазмұндама жазу сайысы өтті.

Сайысқа Мың бала бастауыш мектебінің және №72, 130 жалпы орта мектептерінің оқушылары қатысып, нәтижесінде жүлделі І орынды № 72 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Мұхамбетқали Мұрат, ІІ орынды Мың бала бастауыш мектебінің 4 сынып оқушылары Мәлік Әдемі, Уәлхан Бибіжар, ІІІ орынды Жаңабай Айару, Сейдахмет Айзере, Жолдыбай Ұлар иеленді.

Шара соңында кітапхана директорының м.у.а. Г.Алпысбаева сайысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жүлделі орын иегерлерін марапаттады.