Жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімінің және жасампаздықтың 30 жылы»

Құрметті оқырман!

Кітапхана қоры «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімінің және жасампаздықтың 30 жылы» атты үш тілдегі кітап-альбоммен толықты.

Бұл кітап Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, біртұтас азаматтық қағидаты негізінде қазақстандық қоғамды дамыту арқылы елдің ортақ біртектілігі мен бірлігін, Мәңгілік Елдің жалпыұлттық құндылықтарын, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін шоғырландыру арқылы нығайту жолдарын баяндайды.