Жаңалықтар

ОТБАСЫ ІЗГІЛІКТІҢ ОШАҒЫ БОЛСА…

ОТБАСЫ ІЗГІЛІКТІҢ ОШАҒЫ БОЛСА…

Отбасы құндылығын арттыратын игі амалдың бірі – ата-ананы қадірлеу.

Алла Тағала қасиетті Құранда әке-шешеге қалай құрмет көрсету керек екенін баяндаған: «Раббың өзіңе ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті.

Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жаныңда кәрілікке жетсе, Оларға «Түһ» деме (кейіс білдірме).

Сондай-ақ, оларға зекіме де және ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.

Ол екеуіне кішірейіп, мейірім құшағын жай да: «Раббым! Олар мені кішкентайымда тәрбиелегеніндей Сен де оларды рахым-мейіріміңе бөлей көр!» де» («Исра» сүресі, 23-24-аяттар).

Алла Тағала ата-анамызға дауыс көтеру былай тұрсын оларға кейіс білдірмеуді бұйырған.

Ата-анасының батасы мен разылығын алмаған баланың бағы жана қояр ма?

Майлықожа жырау:

Қарамай кетсең анаға,

Қаларсың босқа табаға.

Ата-ана көңілін қалдырған,

Баланың бағы жанар ма? – деп жырлаған екен.

Отбасына жақсы қарау – ізгіліктің бастауы. Аптаның кем дегенде бір күнін отбасына арнаған абзал.

Өйткені баламен сұхбаттасу, онымен ойнау, жарыңмен сырласу, баланың болашағына қатысты жұмыстарды жоспарлау, т.б. амалдар шаңырақтың шырайын кіргізіп, берекесін арттырады.

Жұмысбастылық отбасылық жоспардан үстем болмауы тиіс. Өйткені, отбасы – бәрінен биік тұратын құндылық.

Толығырақ: https://haqjoly.kz/2021/11/01/отбасы-ізгіліктің-ошағы-болса/