ДӘУІРДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
ДӘУІРДІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ
2021 жылдың 27 қараша күні сағат 11.00 -де қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі,
Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары,
тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхамеджан Тынышпаевтың өмірі мен қызметіне арналған «#Дәуірдің жарық жұлдызы» тақырыбындағы танымдық сағат өтті.
Іс –шараға зиялы қауым мен Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Шымкент көлік колледжінің студенттері, ұстаздары қатысты.
Мұхамеджан Тынышпаевтың өмірі мен қызметі жайлы әңгіме қозғалған іс – шара барысында, қазақтан шыққан тұңғыш инженердің өмірінен қойылым қойылып студент жастардың орындауында қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы болып табылатын күмбірлеген күй де тартылды.