ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ БІЗДЕ ҚОНАҚТА
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ БІЗДЕ ҚОНАҚТА
Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «AQJOL» партиясының мүшелері Ноян Назарұлы Төлегенов пен Назипа Дарханбайқызы Мамықова Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қонақта болды.
Мәслихат депутаттары кітапханамызда 25-26 қазан күндеріне жоспарланған «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» атты халықаралық кездесу сәтіне куә болды. Халық қалаулары Халықаралық кездесуге келген, яғни Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Әзірбайжан елдерінің өкілдерімен танысып, пікір алмасып және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Әзімханқызы Есенова кітапханамыздың модернизациядан өткендігі туралы жағынан таныстырды.
Халық қалаулары Кітапхананың ішін аралап, кітапқұмар оқырмандармен, кітапхана қызметкерлерімен жүздесті.