Жаңалықтар

"Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы"

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы» атты балалар ағарту апталығының аясында Өнер бөлімінің ұйымдастыруымен "Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы" атты оқушыларға арналған танымдық шара өтті.

Шара барысында балаларға кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында экскурсия жасап, Ұлы ғалым Әл-Фарабидің өнердегі қолы жеткен табыстарын, «Музыканың ұлы кітабы» еңбегін және музыкалық аспаптарын таныстырды.