"Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы"
ӘЛ – ФАРАБИ ЖОЛЫМЕН: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, БОЛАШАҒЫ
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы» атты балалар ағарту апталығының аясында Өнер бөлімінің ұйымдастыруымен "Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы" тақырыбында танымдық сағатқа келген қала мектептерінің оқушыларына экскурсия жүргізілді.
Балалар кітапхананың тыныс-тіршілігімен, ұлы ғалым Әл-Фарабидің туған жерден шалғайда жүріп, ғылым-білімге арнаған саналы ғұмырында қолы жеткен табыстарымен, «Музыканың ұлы кітабы» және т.б еңбектерімен, музыкалық аспаптарымен танысты.
Жаңарған, заманауи кітапханамыздың мүмкіншіліктерімен танысқан оқушылар ұсынылған танымдық ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, үлкен әсер алды.