Жаңалықтар

«Әл-Фарабидің тілтану және поэзия»

«Әл-Фарабидің тілтану және поэзия»

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы» атты балалар ағарту апталығы аясында Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Әл-Фарабидің тілтану және поэзия» атты ақпараттық-танымдық сағаты өтті.

Іс-шараға ОҚПУ-нің филология ғылымының кандидаты А.Алтыбайұлы, балалар жазушысы Д.Танабаев, ақын Д.Айманбет, Тілдер орталығының оқытушысы Г.Абдугаппарова, дәстүрлі әнші Т.Бегалиев және №24 IT мектеп-лицей оқушылары, №80 IT мектеп-гимназия оқушылары, мектеп кітапханашысы А.Жаманғараева, ОҚПУ-нің филология факультетінің студенттері қатысты.

Ойшыл ғалымның тіл мәселесіндегі көзқарастары, поэзия өнері жайлы кеңінен әңгіме өрбіді.

Әл-Фараби жаратылысынан бәрін жете түсінген, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Өнер-білім, жақсылық пен ізгілік, туған жер туралы өлеңдер жазды

Қатысушы студент жастар мен оқушылар Әл-Фарабидің тіл ғылымына қатысты өлеңдерін оқып, ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.