Кітапханамызда оқу залы бөлімінің ұйымдастырумен «Заң және заман» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараға шақырылғын қонақтар:
Шымкент қалалық сотының кәмелетке толмаған істері жөніндегі мамандандырылған сот төрағасы Сайханов Дәурен Түсіпханұлы;
Шымкент қаласы сотының баспасөз хатшысы Дүйсенбиев Қабыл Тұрарұлы;
Қаламыздағы №78 жалпы орта білім беретін және №90 мамандырылған мектеп - гимназиясының ұстаздары мен оқушылары.
Шара барысында заң қызметкерлері жалпы заң туралы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және оларды қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық туралы ой – пікірлерімен және өмірлік іс – тәжірибелерімен бөлісе отырып, ұстаздар мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Танымдық сағатты кітапхана директорының орынбасары Бекбол Куздеубаев қорытындылап, келген қонақтарға Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының жаңарған жаңа бейнесімен және тыңысымен танысытырып, келген қонақтарға жұмыстарына сәттілік тілеп, ұжымның атынан алғысын білдірді.