«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АЛХИМИЯ ӨНЕРІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ» - 01
«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АЛХИМИЯ ӨНЕРІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ»
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы» атты балалар ағарту апталығы аясында Кітап өңдеу және каталогтар секторының ұйымдастыруымен «Әл-Фарабидің алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» атты ақпараттық-танымдық сағаттары өтті.
Әл-Фарабидің алхимия, химия туралы дұрыс көзқарасы, қағидасы кейінгі ғасырларда Ибн Сина, Омар Хайям, Леонардо да Винчи, Парацельс тағы басқа алдыңғы қатарлы оқымыстылар тарапынан қолдау тапқаны айтылды. Мифтік философиялық тасты іздеу барысында алхимиктер күкірт және тұз қышқылдары, сурьма, сірке қышқылы мен сілті, оқшауланған фосфор, мышьяк, аммиак, мырыш, натрий сульфаты, барий сульфаты сияқты маңызды химиялық заттарды алу әдістері ашылғаны туралы айтылды.
Іс-шараға қаламыздағы ОҚМПУ-нің студенттері, политехникалық колледж студенттері, кітапханашысы Қанатова Бибігүл, Әл-Фараби атындағы академиялық мектептің 10-сынып оқушылары, биология пәні мұғалімі Оразова Тұрсынай және №80 IT мектеп-гимназия оқушыларымен мұғалім Ахылбекова Айгерім қатысты. Әбу Насыр Әл-Фарабидің химияға және алхимияға байланысты трактаты талқыланды. Әл-Фараби жаратылысынан бәрін жете түсінген, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы» атты балалар ағарту апталығы аясында Кітап өңдеу секторының ұйымдастыруымен «Әл-Фарабидің алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» тақырыбында экскурсия жүргізілді.
Шара барысында балаларға жаңарған, заманауи кітапхананың тыныс-тіршілігімен, Әл-Фараби еңбектері таныстырылды.