Жаңалықтар

ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН ҚАЛАМГЕР

ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН ҚАЛАМГЕР

Шабыты шарықтаған дара тұлғалардың мол қазынасы жинақталған кітапханамызда дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл толуына орай, бүгін қалам мен қаруды қатар ұстаған қаламгердің өлеңдері оқылды, ақынға арнау айтылып, әуезді әндер шырқалды.

Кешке «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығының демалушы ардагерлері және кітапханашысы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Орталық Азия инновациялық университетінің студенттері, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ және №131 жалпы орта мектебінің оқушылары белсене ат салысты.

​Шара соңында кеш қонақтары алғыс хаттармен марапатталды.

#ҚасымАманжолов110

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы