Жаңалықтар

«ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ»

Бүгін, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен Түркістан облысы, адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты қаламызда орналасқан Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатында кеш өтті.

Кештің мақсаты. Биыл Өтеп Батырбек Туғанбайұлының 75 жыл толуына орай жоғарыда аталған «Өнер» мектеп-интернатының ұжымымен оқушыларына біздің мекемеміздің яғни, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымының қатысуымен қызықты етіп, өмір баяның, өнер саласында атқарған қызметтерімен жұмыстарына, жетістіктеріне «Өнер» мектеп-интернатының басшысы Есжанова Маржан Бекежанқызы «Өнерлінің өрісі кең» атты кешті ашып қонақтармен таныстырды.

Өтеп Батырбек Туғанбайұлының Қазақстандағы қолданбалы өнер, соның ішінде тоқыма саласын (гобелен) өнерінің негізін қалаушы, кәсіпқой суретші, оның еңбектері «Түркі эпосы», «Бозторғай» және «Той» деген туындылар халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып, түрлі дипломдарынмен марапатталған. Ал одан бөлек жұртқа танымал туындылар бар. Мысалы «Атамекен» «Біржан-Сара», «Шілде» «Өркендер, «Отбасы» және т.б. туындыларды айтуға болады.

Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атынан қайырымдылық қор жұмысын атқаруда. Қордың мақсаты: талантты жас сүретшілердің өнер туындыларын жарыққа шығару, ұлттық қолданбалы өнер саласын дамытуды насихаттау. Осыған орай 2000 жылы Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атынан облыстық «Өнер» мектеп-интернаты ашылып қаламызда жұмысын жалғастыруда. Соның бүгінгі күннің көрінісі аталмыш ұстазымыздың 75 жасын шығаршашылық кештерімен өткіздік.

Бүгінгі кештің қонағы Қазақстан суретшілер және қолөнершілер одағының мүшесі, қолөнерші Бибіажар Симова және ұстаздар, оқушылар қатысты. Бибіажар Симова апамыз Өтеп Батырбек Туғанбайұлының Қазақстандағы қолданбалы өнер саласындағы еңбектерін жас буынмен қонақтарға таныстырып, қазіргі заманның тілімен айтқанда (МАСТЕР-КЛАСС) шеберлік сабағын өтіп, ол кісінің қолынан жасалған сыйлықтарын шақырылған қонақтардың баршасы мақтанышпен алды.

Әрине бізде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының атынан келгендіктен, біздің тарапымыздан өнер саласына және Өтеп Батырбек Туғанбайұлына қатысты "Өнер тарихы" атты кітаптар көрмесін ұйымдастырып, ол кісі жерлес екендігімізді және Түлкібас ауданы, Жиынбай ауылында 19.10.1946 жылы дүниеге келгендігі туралы, одан бөлек Алматы көркем сүрет училишесінде оқып жүріп Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтына ауысқандығы, оны үздік бітіргендігімен қоса КСРО суретшілер одағының мүшесі болғандығы және Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркем сүрет училищесімен М.Әуезов атындағы институтында оқытушы, ұстаздықпен айналысқандығы туралы айттық.

# Өтеп Батырбек Туғанбайұлы атындағы «Өнер» мектеп-интернаты

# Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы