Жаңалықтар

"Қасірет пен тағдыр"

Кітапханамыздың Мерзімді басылымдар секторы "Жыл кітабы" акциясы бойынша оқырмандарды жазушы Сəуле Досжанның "Қасірет пен тағдыр" романынмен таныстырып, қысқаша шолу жасады.

Романда социалистік режим құрбандарына айналған Семей өңірінің тұрғындарының қасіреті жазылған.

Роман желісінде Тəуелсіздік жолындағы өтпелі заманның қиындықтары паш етілген.

Оқырмандары əрбір шығармасын асыға күтетін жазушының бұл романы жан-дүниеңізді бей-жай қалдырмайды.