ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бүгін кітапханамызда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесі "Этномедиацияны жүзеге асырудың жолдары" атты форумын өткізді.
Форумға Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қалалық медиация орталықтарының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумды бастамас бұрын, кітапхана директорының м.а. Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы қонақтарды кітапханамыздың тыныс тіршілігімен таныстырды.
Одан соң форум ұйымдастырушы "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Байқонақов Ербол Сүлейменұлы мәжілісті жүргізбес бұрын, форумға келген қатысушылармен қонақтарға МЕДИАЦИЯ туралы бейнефильм көрсетті.
Форумға қатысып, тақырыпқа сай баяндама оқыған қонақтар:
1. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Төлепов Мұхтар Ақжігітұлы;
2. "Халықаралық медиация орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры, Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы Ақшегірова Лаура Мұратқызы;
3. "Қазақстан медиаторлар палатасы" қоғамдық бірлестінің басшысы Есимбетова Эльмира Әлішерқызы;
4. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы;
5. "Республикалық медиаторлар қауымдастығының" президенті Оразқұлова Нұрбала Алтынханқызы;
6. "Халықаралық құқық қорғау орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің кәсіби медиаторы БайБайсерікова Динара Жүрсінбекқызы.
Форумда қазіргі қоғамда медиация қызметінің атқаратын рөлі аса маңызды екендігі атап өтілді.
Форумның мақсаты, Медиация туралы түсіндіру. Яғни, Медиация - тараптарды татуластырып, өнбес даудың өріс алуына жол бермеу екендігі туралы айтылды және мемлекетіміз азаматтардың жағдайына аландаушылық білдіріп, 2011 жылы 28 қаңтарда ҚР "Медиация туралы" Заңның қабылданғандын сөз етіп, биыл Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл және медиацияның қызмет атқарап келе жатқанына 10 жыл толуына байланысты қала әкімдігі тарапынан бірнеше медиаторлар жиынның соңында алғыс хаттармен марапатталды.