Жаңалықтар

КІТАПХАНАДАҒЫ «РАДИО КҮНІ»

#КІТАПХАНАДАҒЫ «РАДИО КҮНІ»

1 қазан — #Радио күніне орай Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында республикаға үні тарап жүрген радиотілшілер бас қосты.

1921 жылы Орынбордан алғаш хабар таратқан Қазақ радиосына биыл 100 жыл толып отыр.

Жиынды ашқан Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов радио саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Жиынға М.Садық, Б.Төлепберген, Г.Нәлібай, А.Габдуллина, Е.Елеукен, Л.Омарова, А.Садырбай сынды республикаға белгілі радиожурналистер мен өңіріміздің ардагерлері Р.Шәймерденова, Т.Болдина, және белгілі сатирик К.Әмірбек, “Qazaqstan” ұлттық арнасының тележүргізуші Л.Сұлтанқызы, Қазақстан «КВН» одағының президенті Е.Елеукен қатысты.

Сондай-ақ, қонақтар кітапхана ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Shyńǵys Muqan

Шымкент Қаласы Мәдениет Басқармасы

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы