Жаңалықтар

ЖЫР СЕМСЕРІ

#ЖЫР СЕМСЕРІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Көкшетау қаласының «Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» болып жариялануына орай, Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы мен М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мәдени-әдеби байланыстарын нығайта жұмыстар жүргізуде.

Бүгін ақын, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанмен шырайлы Шымкенттің қаламгерлері мен оқырмандары онлайн сұхбат өткізді.

Кешті Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлмира Алпысбаева ашып беріп, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, жас ақын Сүндет Сейітов, директор орынбасары Бекбол Күздеубаев, Абонемент бөлімінің басшысы Сәуле Бисейітова кеш авторына ізгі тілектерін жолдады.

Сұхбатты Асылзат Оспанқызы жүргізді.

Онлайн сұхбатта ақын Қуаныш Оспанның шығармашылығы жайлы кеңінен айтылып, көптеген сұрақтарға жауап алынды.

Қуаныш ақын өзінің жүрекжарды жырларын көпшілікке оқып берді.

Қуаныш Оспан

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы