Жаңалықтар

«Кітап менің өмірімде»

“Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы” аясында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін қолдау және оқырмандарымыздың ішіндегі ең үздік отбасылық оқырмандарымызды көпшілікке үлгі–өнеге ету мақсатында кітапханамызда «Кітап менің өмірімде» атты әдеби сабағы өткізілді.

Шараға Аязбаевтар және Шағырбаевтар отбасылары қатысып, өздерінің отбасылық кітап оқу әуестіктері, оқыған кітаптары және кітап оқудың пайдасы туралы керемет пікірлер айтып, өздерінің сүйіп оқитын кітаптарынан үзінділер оқыды, көпшілікке рухани азық сыйлай отырып, кітап оқуға шақырды.

Сондай–ақ, Шымкент қалалық мәдениет үйінің әншісі Сәбит Мұқанов жиналған қауымға ерекше серпін сыйлап, кештің сәнін кіргізді.

Шара соңында кітапхана директорының м.а Гулмира Батырбайқызы үздік отбасылық оқырмандарға алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

#ӘдебиСабақ

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы