"ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ"
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ" атты жолдауына қолдау ретінде және алдағы бағыт-бағдарды тапжылмай орындау жолдарын айқындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде актив отырысы өтті.
Қала әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлы Президент Жолдауында атап өтілген жеті бағытты және жария етілген бес бастаманы қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар жүзеге асырылатынын айтты.
Отырыс барысында мәдениет саласынан сөз сөйлеген тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, "Шым қала" тарихи-мәдени кешенінің директоры Мажитов Саттар Фазылұлы қазіргі дәуірде мәдениет пен зиялы қауымның болашақ ұрпақ санасына берері мол екенін атап өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстан азаматтарының әл-ахуалын жақсарта түсудің берік негізі екенін алға тартты.
Халықтың тұрмыс тіршілігіне әсер ететін әр сала бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан берілген нақты тапсырмалар аталмыш мақсатқа жетуде ерекше ықпал ететіні анық. Елдің сұранысы мен мемлекеттің мүмкіндігін ескере отырып, ҚР Президентінің Жолдауына сай іске асырылуы тапсырылған бастамалардың бірінде мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқаларға да көңіл бөлінуі елеулі өзгерістердің орын алуына алып келеді.
Осылайша, Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында 2022-2025 жыл аралығында мәдениет пен мұрағат салалары қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруін тапсыруы ерекше серпін беріп отыр.