Жаңалықтар

" Парасат шыңы-адалдық!"

#Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен " Парасат шыңы-адалдық!" тақырыбы аясында еркін форматта жиын болып өтті.

Мақсат біреу - қазіргі қоғамда адал, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Адамдардың бойына осындай қасиеттерді сіңіру.

Оған кітапхананың, кітаптың қосар үлесі ұшан-теңіз.

Басқосуда адалдық, парасаттылық жайында жазылған кітаптарға аннотация берілді және сол кітаптарды оқырманға ұсыну үшін кітапхананың мүмкіндіктері айтылды.

Айта кету керек, бұл жоба бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған "Адалдық алаңы", "Парасат жолы" орталығы арқылы еліміздің түкпір-түкпірінде тындырымды тірліктер атқарылып келеді.

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы