«Жол бастаушы журналист»
Бүгін кітапханамызда қазақ журналистикасының көшін ілгері сүйреп жүрген өткір де ойлары ұшқыр журналист, «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Исақұлы Түйетаевпен «Жол бастаушы журналист» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кеш иесі тағылымды жиында журналистердің қоғамдағы орны, баспасөз құралдарының маңызы мен студенттік кездегі естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, руханият жанашыры Б.Түйетаев қоғамдағы кітапханашылардың рөлі жайында ашық ойларын жеткізді.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы