Георгъ Марштың «Человек и природа» кітабын ұсынамыз
Құрметті кітап сүйер қауым!
Назарларыңызға кітапхананың Сирек қорындағы құнды кітаптардың бірі – американдық ғалым Георгъ Марштың «Человек и природа» кітабын ұсынамыз.
Ағылшын тілінен аударған – Н. А. Неведомский.
1866 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген көне кітапта табиғаттың физикалық және географиялық жағдайларының өзгеруіне адамның әсері туралы баяндалған.
Автор Г.Марш: «Егер біз жаһандық ресурстарды қалпына келтірмесек және қолдамасақ, адам өзін және жерді құртуы мүмкін» екенін ескертті.
Бұл адам қызметінің қоршаған ортаға әсерін айқындайтын алғашқы еңбектердің бірі және қазіргі экологиялық мәселелерді талдауға мүмкіндік беретін еңбек.
Кітаппен жақын танысу үшін, кітапханамызға келіңіз, құрметті оқырман!
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы