Жаңалықтар

Өмірзақ Озғанбаевпен кездесу болып өтті

Бүгін кітапханамызда тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесу болып өтті.

Кездесу Елорда күніне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Өмірзақ Озғанбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай өткізілді.

Аталған басқосуға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР Құрметті судьясы Бекет Тұрғараев, белгілі ақын, жазушы Нармахан Бегалиев және т.б.зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесуде Өмірзақ Озғанбаевтың “Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан”, “Тарих тағылымы”, “Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда” және “Жарық жұлдыздар” атты төрт томдық кітабының тұсауы кесіліп, олар Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына сыйға берілді.

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы

Shyńǵys Muqan

Ханзада Қуанышқызы

Шымкент Қаласы Мәдениет Басқармасы

Даурен Болыс