Құрметті оқырмандар!
Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық-ғылыми-әмбебап кітапханасында елімізге белгілі кәсіпкер, меценат, қаламгер, өнер мен әдебиеттің жанашыры Оралбек Ботбайдың "Төле би", "Бәйдібек баба", "Нұрлы нөсер", "Келешекке жетелеген 7 сапар" және "Нысап сайын береке" атты кітаптарының тұсауы кесілді.
Рухани жаңғыру аясында басып шығарылған кітаптардың тұсаукесеріне фантаст жазушы Сарманбек Исақ, ақын, Түркістан облыстық "Рухани жаңғыру" кеңсесінің жетекшісі Айдар Сейдазым, Шымкент қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зауре Оралбаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ -нің "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Жанысбекова және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шараға қатысушылар оңтүстіктің тумасы Оралбек Ботбайдың елдің игілігі үшін жасап жатқан істеріне ерекше тоқталып, алдағы уақытта да қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосатындығына сенім білдірді.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы