Жаңалықтар

Бүгін кітапханамызда Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар қонақта болды.

Бүгін кітапханамызда 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін XXXII-жазғы Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар қонақта болды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде алдағы жарысқа сәттілік тілеп, спортшыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Шымкент қаласынан қатысатын спортшылармен таныс болыңыздар:

Стенд атудан - Сарсенкул Рысбекова, Кравченко Зоя;

оқ атудан - Юрий Юрков;

каратэден - Дархан Асадилов, Софья Берульцева, Данияр Юлдашев;

бокстан - Закир Сафиуллин;

көркем гимнастикадан - Алина Адилханова;

байдарка және каноэден - Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов;

дзюдодан - Галбадрах Отгонцэцэг.

Сондай-ақ, Игорь Лигай Халықаралық күрес федерациясы тарапынан XXXII-жазғы Олимпиада ойындарына қатысады.

#AlFarabiKitaphanasy

#ӘлФарабиКітапханасы