Жаңалықтар

Құрметті кітапхана оқырмандары!

Құрметті кітапхана оқырмандары!

Назарларыңызға қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің "Қорғансыздың күні" кітабын оқуға ұсынамыз.

Бұл шығармаларда адамзат пен қоғам тіршілігіндегі көкейтесті мәселелер көтерілген.

Әңгімелерінде қазақ әйелінің қорлық пен күңдікте өткен қара түнек өмірін, қорғаны жоқ қарапайым адамдардың ауыр халін, жетім баланың тағдыр-тіршілігін шынайы суреттеген.

Сондай-ақ қалаға келіп, мәдениетке үйрене бастаған қазақ жастарының жаңа өмірін әңгіме етеді.

Кітапқа жазушының "Көксерек әңгімесі", "Қараш-Қараш оқиғасы" повестері енген.

Жазушы бұл туындыларында табиғат көркін, оның әсемдігін асқан шеберлікпен, зор шабытпен жеткізген. Бұл кітап көпшілік оқырманның жүрегінен орын аларына сенімдіміз.

Бірге кітап оқиық, достар!

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1154239

#КазНЭБ

#Кітап_онлайн_оқу

#Мұхтар_Әуезов

#AlFarabiKitapkhanasy

#ӘлФарабиКітапханасы