Жаңалықтар

МЕГАПОЛИСКЕ КВЕСТ- САЯХАТ

МЕГАПОЛИСКЕ КВЕСТ- САЯХАТ

Бүгін Әл Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 19 маусым - Қала күніне орай Шымшаһардың көрнекті жерлерімен жете танысу, тарихына үңілу, қаламызда бой көтерген сәулетті мәдени, тарихи ескерткіштерді насихаттау мақсатында КВЕСТ саяхат өтті.

Ақындардың Шымкент қаласы жайлы өлеңдері оқылды, жастар квест шарттары бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, ән-жырларын арнап, бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Шараға кітапхана оқырмандары, студент жастар, жас ақындар, кітапханашылар қатысты.

#AlFarabiKitapkhanasy

#ӘлФарабиКітапханасы