ТУҒАН ЕЛІН ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА
ТУҒАН ЕЛІН ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА
2021 жылғы 11 маусым күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыс аумағына ғана емес, республикаға, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне де танымал қайырымды қайраткер, кең жүректі азамат Алтынбек Дүйсенбекұлының 70 жас толуына орай кездесу кеші өтті.
Қарымды қаламгер, журналист Мархабат Байғұт жүргізген кештің құрметті қонақтары, зиялы қауым мен өнер иелері, айтыс ақындары саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған алтын жүрек иесінің мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің дамуына қосқан үлесі жайында әңгіме өрбітіп, құттықтау лебіздерін жеткізді.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы