ӨлеңОқиық:
#ӨлеңОқиық:
Біз әдемі қоштаспадық қой,
Ол да бір ірілік, бір ерлік,
Асау жүректен күтесің мың өрлік.
Аяулы сезімдер бүрлеген мезгілде,
Неліктен түнердік?!
Біз әдемі қоштаспадық қой,
Бұл әлде сезім бе қолшамсыз?
Әрекет емес-ті сонша арсыз.
Қоштасып үйренген жөн кейде,
Болдық па мұнша әлсіз?
Біз әдемі қоштаспадық қой,
Айтылып лебіздер ең соңғы,
Махаббат жоқ дедің, ол сөнді.
Қай сөзге жұбанар білмеймін,
Көңілің сол шерлі.
Біз әдемі қоштаспадық қой,
Ішкі дерт - ішектей созылған,
Көп сөзден көшкенмен қазір мән.
Өшпейді жазулар ұққаным,
Жүректе жазылған.
Біз әдемі қоштаспадық қой,
Шаршадым тарқатып түйінді әр,
Сөкпеймін,себебі,сыйың бар.
Мен сені ұмыта алармын,
Сәттер ше?
Сәттерді қиындау...
Авторы: Ақбота Бейбітбек
Ақбота Бейбітбек
#poetry
#поэзия
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы