«Всемірная географія. Африка» кітабын оқуға ұсынамыз
Құрметті кітап сүйер қауым!
Кітапхананың Сирек кітаптар қорынан 1903 жылы профессор Ф. Ганъның
алғысөзімен жарық көрген «Всемірная географія. Африка» кітабын оқуға ұсынамыз. Африка аумағының географиялық ерекшеліктері, Африкаға жататын аралдар, Орталық Африкадағы Конго елінің климаты, Солтүстік Африкадағы шөлейтті аймақтар мәселелері, сондай – ақ Африка елдеріндегі халықтардың тұрмыс – тіршілігі, салт – дәстүрлеріне этнографиялық тұрғыда талдау жасалынған.
Аталмыш құнды кітап әлем елдері тарихына қызығушы оқырмандарға, география пәнінің оқытушылары мен студенттеріне арналған.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы