N 62 Н.Төреқұлов атындағы жоғары орта білім беретін мектебінің оқушылары келіп кітапхана ішіне экскурсия жасады.
Бүгін кітапханамызға N 62 Н.Төреқұлов атындағы жоғары орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі А. Орынбаева 6 сынып оқушыларымен келіп кітапхана ішіне экскурсия жасады.
Келген оқырмандар кітапханаға саяхат жасай отырып, жаңадан түскен әдебиеттермен және кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты.
Арнайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында "Отыз жылға-отыз кітап" атты көрмелермен кітапханашы А. Есполова таныстырып өтті.
Сонымен бірге балаларға бос уақыттарында кітап әлеміне еніп, кітап оқуға кеңестер берілді.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы