ҚАЙЫРЫМДЫ КІТАПХАНА
ҚАЙЫРЫМДЫ КІТАПХАНА
«Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың мәдени-әлеуметтік реабилитациясына ықпал ету және ақпаратқа қол жеткізу, кітап оқу насихаттау мақсатында «Балалар кітаптары әлеміне саяхат» тақырыбында көзі көрмейтін және әлсіз көретін «Үміт» интернатының тәрбиеленушілері үшін қазақ, орыс, әлем халықтарының ертегілері, жергілікті ақындардың өлеңдерін аудиожазбалар дайындалды.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жобаға Шымкент қаласы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкерлері үлес қосып, «Hobby market» @hobby_market_elena дүкенінің демеушілік қолдауымен «Үміт» интернатының тәрбиеленушілеріне аудиожазбалар және сыйлықтар таратылды. Балалар мекерелік сыйлықтарға қуанды, әсересе аудиокітаптарға.
Балалар бақытты болсын!
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы