ҰЛЫЛАРДЫҢ ҚҰРБАНДЫҒЫ — ҰРПАҚТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН
#ҰЛЫЛАРДЫҢ ҚҰРБАНДЫҒЫ — ҰРПАҚТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҮШІН
2021 жылғы 27 мамыр күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапхана басшысы, журналист, құқықтанушы Дәурен Әуелханұлының бастамасымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихшы, алаштанушы ғалым Бейбіт Қойшыбаевпен онлайн кездесу кеші өтті.
27 Алаш қайраткерлеріне арналған зерттеулер авторы, Әбілқайырдан бастап қазақ халқының бірнеше тарихи тұлғаларының көркем портретін ашқан ғалым Бейбіт Орынбекұлы тақырып аясындағы негізгі тарихи деректер мен зұлматты жылдардағы қаралы Қазақ тарихынан сыр шертті.
Кешке қатысушы мәдениет қызметкерлері, қаламыздағы Саяси-қуғын-сүргін құрбандары музейі қызметкерлері, кітапханашылар, тарихқа қызығушы жастар ғалымға сауалдарын қойып, соңғы жылдардағы саяси қуғындалған құрбандардың ақталуы мен саны, сипаты жөніндегі соңғы тарих ғылымындағы жаңалықтармен танысты.
Кешті кітапхананың ғалым хатшысы, тарих ғылымының магистрі А. Оралова жүргізіп отырды.
#ӘлФарабиКітапханасы
#Тарих
#Кітапхана
Ханзада Есенова Даурен Болыс
Саяси Қуғын-сүргін Құрбандары Музейі