ИСЛАМ — ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ДІН
#ИСЛАМ — ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ДІН
26 мамыр күні кітапханамызда Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміровпен «Ислам – терроризмге қарсы дін» тақырыбында онлайн-сұхбат өтті.
Асыл дініміздің атын жамылып жүрген лаңкестік топтарға алданбау жолдары, дініміз бен діни экстремизмнің айырмасы жайында маңызды ақпарлар айтылды.
Білімді адамның теріс ағымға оңай алданбайтыны туралы айта келіп, мешіт имамдары мен кітапхана ұжымы бірігіп жаңа бастама көтеруді жоспарлап отыр.
Дін мамандары сарапқа салып тексерген діни кітаптарды кең тарату үшін кітапханамызда «Муфтият» бұрышы ашылмақ.
Кез-келген ақпараттың ақ-қарасын ажыратып барып, санаға салсақ, теріс ағымға алданушылар саны азаятыны жайлы айтып, Мұхамеджан аға елге ақ тілегін жеткізді.
#AlFarabiKitaphanasy
#ӘлФарабиКітапханасы