Жаңалықтар

«Генерал Нұрмағамбетов»

#Құрметті кітап сүйер оқырман!

Назарларыңызға ақын, қарымды қаламгер Жақып Темірақынның «Генерал Нұрмағамбетов» атты кітабын ұсынып отырмыз.

Кітапта Қазақстан Республикасының №1 Халық қаһарманы, армия генералы, егемен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Кубань өңірінен герман фашизмінің апаны - Берлинге дейінгі отқа оранған майдан жолдарынан жүріп өткен Кеңес Одағының Батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ерлікке толы ғұмыры әсерлі баяндалады.

#Кітап офицерлерге, жауынгерлерге, әскери оқу орындарының курсанттарына, сондай-ақ біртуар тұлғаның әскери және мемлекеттік қайраткерлік қызметі жөнінде толығырақ білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады:

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=93173

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#ЖақыпТемірақын

#ГенералНұрмағамбетов