Есенғали_Раушанов:
#Есенғали_Раушанов:
Өріктен бұрын бадам гүлдейді,
Ақпанның соңы мұз кеуде.
Бадам гүлдейді, аманмын дейді,
Аман болыңыздар сіздер де!
Бояуы қандай - қырмызы күлгін,
Тапты екен қайдан зерді өңге,
Білдірмей жүріп қыр қызы бір күн,
Бойжетіп шыға келген бе?
Түсінде мына көріп дүрмекті,
Оянып кетті жыршы бау.
Дейді баяғы өрік гүлдепті.
Бадамды ел қайдан білсін-ау.
Тау іші бүгін жұпар ғаламдай
Бір ғана түйткіл тұр,әттең.
Сыйлы қонақты күте алмағандай,
Күмілжи берем, бірақ мен.
Түнгі бұлттар жосып өткенде,
Қалған секілді сөніп Ай.
Бақытты боламын осы көктемде,
Деуменен кешкен өмір-ай.
(с) Есенғали Раушанов